Авторларға

Журнал 1999 жылдан бері шығады

Біздің авторларға арналған тегін кәсіби электрондық почтаға қол жеткізіңіз: сіздің есіміңіз@bilim.expert  

Құрметті достар!  ​

 

Біз сіздерді тек оқырман болуға емес, әріптес және автор болуға да шақырамыз. Журналдың болашақ санының шығуына ат салысып, өзекті тақырып ұсыныңыз, үздік тәжірибемен, оқушыларыңыздың жетістіктерімен бөлісіңіз. «Современное образование» журналында отандық білім беру саласының өзгерістері мен тәжірибесі көрініс табады. Жастардың мамандық таңдауына, пікір алмасуға, білім мен тәрбие беру ісінің өзекті мәселелерін талқылауға ерекше көңіл бөлінеді. Осындай тақырыптарға арналған сіздердің мақалаларыңызды редакцияның электрондық почтасында күтеміз.   

 

ЖУРНАЛ АЙДАРЛАРЫ

 

Материалдарға қойылатын талаптар

Мақала Microsoft Word мәтіндік редакторы арқылы Times New Roman шрифті, 14 кегльмен жазылу керек. Материалдың жалпы көлемі  әріптердің арасындағы бос орынмен санағанда 14 000 белгі.  Мәтін, фото мен материалға қосымша сурет электрондық почта арқылы қабылданады.  Фото мен суреттер материалдан бөлек файлмен жіберіледі. Әр бетке бірден кем емес иллюстрация салу қажет (3500 белгі). Файлдың форматтары  tiff, jpg, cdr, psd. Текст: doc ( Word 1997-2003) или rtf.  Суреттің рұқсат етілген мөлшері  200 dpi-ден төмен болмауы тиіс (бір сурет одна  500 кб жеңіл болмауы тиіс, одан төмен мөлшер сапасыз болып саналады).      

Мақала материалдың қысқаша мазмұны  мен қорытындысы жазылған аннотациямен жіберіледі (көлемі 10 сөйлемнен аспауы тиіс).

 

Материалдарды қарау мерзімі – екі аптадан екі айға дейін. Біздің басылымға жазылу арқылы мақалаңызды жариялау құқығына ие боласыз.   

 

Адресті алу!

<your_name@bilim.expert>

Сізге жеке кәсіби электрондық почтаның адресін енгізуіміз үшін төмендегі үлгіні толтырыңыз.

Поздравляем! Вы в шаге от цели!

 Журналист студенттерді біздің редакция базасында тәжірибеден өтуге шақырамыз.   Байланыс телефондары: +7 727 377 31 43,  e-mail: hr@bilim.expert