top of page
Search

Абай университеті профессор-оқытушылар құрамының бос лауазымдарына конкурс жариялайды



«Абай атындағы қазақ ұлттық педагогикалық университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі - Университет) 2022-2023 оқу жылына профессор-оқытушылар құрамы қызметкерлерінің бос жұмыс орындарына конкурс жариялайды.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын негізгі талаптар:

-профессор лауазымына: жоғары (жоғары оқу орнынан кейінгі) білім, ғылыми дәреже, «профессор» ғылыми атағы, ғылыми-педагогикалық еңбек өтілі 5 жылдан кем емес;

-доцент/қауымдастырылған профессор (доцент) лауазымы: жоғары (жоғары оқу орнынан кейінгі) білім, кандидаттық немесе философия докторы (Ph.D.) дәрежесі, «доцент»/«қауымдастырылған профессор (доцент)» ғылыми атағы, ғылыми-педагогикалық еңбек өтілі 5 жылдан кем емес;

-аға оқытушы лауазымы: жоғары (жоғары оқу орнынан кейінгі) білімі, ғылыми-педагогикалық еңбек өтілі 3 жылдан кем емес немесе мамандығы бойынша практикалық жұмыстағы өтілі кемінде 5 жыл және/немесе ғылым кандидаты немесе философия докторы (Ph.D.) академиялық дәрежесі;

-оқытушы лауазымы: жоғары (жоғары оқу орнынан кейінгі) білімі, мамандығы бойынша еңбек өтілі 3 жылдан кем емес және/немесе магистр дәрежесі.

Конкурсқа қатысуға үміткер тұлға конкурс өткізу туралы хабарландыруда көрсетілген мерзімде мынадай құжаттарды ұсынады:

1.Университетте жұмыс істейтін қызметкерлері:

1)Басқарма Төрағасы - ректордың атына конкурсқа қатысу туралы өтініш (1 қосымшаға сәйкес);

2)Үміткерлердің қағаз немесе электрондық форматтағы сауалнамасы (2-қосымшаға сәйкес)*;

3)Үміткерлердің қызметін бағалау жөніндегі сауалнама (3-қосымшаға сәйкес) *;

4)Кафедра отырысының шешімі;

5)Бас ғылыми хатшы куәландырған ғылыми жұмыстар мен өнертабыстардың тізімі (соңғы 5 жыл ішінде);

6)Шетел тілін меңгеру деңгейін дәлелдейтін сертификат (бар болған жағдайда);

7)Қайта даярлау және біліктілігін арттыру туралы куәліктердің көшірмелері (бар болған жағдайда) және салыстыру үшін түпнұсқалары (соңғы 5 жыл ішінде).

2.Университеттің штаттық емес үміткерлері:

1)Басқарма Төрағасы - ректордың атына конкурсқа қатысу туралы өтініш (1 қосымшаға сәйкес);

2)Үміткерлердің қағаз немесе электрондық форматтағы сауалнамасы (2 қосымшаға сәйкес)*;

3)жеке куәліктің көшірмесі, жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім, академиялық және ғылыми дәреже туралы дипломдардың көшірмелері, ғылыми атағы туралы құжат, салыстыру үшін олардың түпнұсқалары;

4)еңбек қызметін растайтын құжат (еңбек өтілі бар адамдар үшін), кадрларды есепке алу жөніндегі жеке іс парағы;

5)Соттылығының жоқ екендігі туралы анықтама;

6)Наркологиялық, психоневрологиялық диспансерлерде тіркелмегендігі туралы медициналық анықтамалар;

7)Шетел тілін меңгеру деңгейін дәлелдейтін сертификат (бар болған жағдайда);