Search

​Астанада Орталық Азиядағы жоғары білім беру кеңістігінің даму перспективалары талқыланды

Астанада 6 қыркүйекте Болон процесінің бақылау тобы (BFUG) өкілдерінің қатысуымен Орталық Азия жоғары оқу орындары ректорларының конференциясы өтті. Конференция жұмысы Орталық Азиядағы білім беру саласындағы өңірлік ынтымақтастықты дамыту ілгерілетуге бағытталған.


Конференцияға Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан Білім министрліктерінің өкілдері, Орталық Азия елдеріндегі жоғары оқу орындарының ректорлары, Еуропа Кеңесі, Quacquarelli Symonds (QS), UNESCO, BFUG және Латвияның академиялық ақпараттық орталығы сияқты халықаралық ұйымдардың өкілдері қатысты.

«Біз Орталық Азиядағы жоғары білім беру кеңістігін студенттер мен жоғары оқу орындарының академиялық құрамы оқу, білім, тәжірибе алмасу, зерттеулерге қатысу үшін кедергісіз қозғала алатын еркін аймақ ретінде көреміз. Биыл Қазақстан шетелдік азаматтарға арналған стипендиялық бағдарлама шеңберінде Орталық Азия білім беру кеңістігіне кірген елдердің азаматтарына 186 грант бөлді», – деп атап өтті Саясат Нұрбек.

Конференция барысында қатысушылар Орталық Азиядағы жоғары білім беру кеңістігінің бюросын құру туралы бірлескен шешім қабылдады. Жаңа орган Ғылым және жоғары білім министрлігінің Болон процесі және академиялық ұтқырлық орталығында орналасатын болады.


ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің баспасөз қызметі