Search

Батыр Асқар Забикулиннің отбасына білім гранттары бөлінді

Ғылым және жоғары білім министрлігі Асқар Забикулиннің отбасына және жақындарына қайғыра көңіл айтады. ҚР ҒЖБМ баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып, «Современное образование» журналы хабарлайды. Ол қызметтік борышын орындау және адамдардың өмірін құтқару кезінде жанқиярлық және батырлық танытты. Өрт сөндірушінің қазасына байланысты жоғары оқу орындары басшыларына Асқар Закибулиннің отбасы үшін гранттар бөлу мүмкіндігін қарастыру тапсырылған болатын.


Қазіргі уақытта екі отандық жоо грант беруге дайын екенін білдірді.


Сафи Өтебаев атындағы Атырау мұнай және газ университеті Асқар Забикулиннің балаларына орта мектепті бітіргеннен кейін кез келген бакалавриат мамандықтарында жоо грантында оқуға мүмкіндік бермек. Сондай-ақ, балалары 2023 жылы жазда университеттің жатақханасында тұрып, IT-лагерьге және жазғы тілдік мектепке қатыса алады. Әйелі Анель Забикулина үшін «Адам ресурстарын басқару» мамандығы бойынша МВА-да оқуға грант бөлінді.


Батырдың әйелі Анель Забикулинаның МВА бағдарламасында оқуға толық грантын AlmaU да бөлді.



Фото: www.instagram.com/askar_zn