Search

Биыл мектепте соңғы қоңырау өте ме?

Биыл мектептерде соңғы қоңырау дәстүрлі форматта өтеді. Бұл туралы білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов мәлімдеді.

"Егер ештеңе өзгермесе, 25 мамыр күні оқушылардың соңғы қоңырау шарасы өтеді деп жоспарлап отырмыз", - деді Аймағамбетов мәжіліс кулуарында.

Айта кетері, өткен жылы пандемияға байланысты мектептерде соңғы қоңырау мектеп ауласында ата-аналардың қатысуынсыз өткен еді.

Осы жылы оқушылар төртінші тоқсанды дәстүрлі форматта бастады. Карантиндік шектеулердің алынып тасталуына байланысты балалар мектепке барып оқиды.