Search

Болон процесіне қатысушылар білім саласындағы өзара ынтымақтастықты талқылады

Астанада 5 қыркүйекте Болон процесінің бақылау тобы Кеңесінің 81-ші отырысы (Bologna Follow up Group, BFUG) өтті. Отырыс жұмысына Болон процесіне тең төрағалық ететін елдердің білім министрліктерінің өкілдері, сондай-ақ кеңесші мүшелер қатысты.


BFUG кеңесінің мүшелері Еуропалық жоғары білім кеңістігін дамытудың өзекті мәселелерін, 2020 жылы Рим коммюникесінде министрлер қойған мақсаттарға қол жеткізу барысын, сондай-ақ Чехияда 2022 жылдың 7-8 қараша күндері өтетін BFUG үлкен отырысына дайындықты талқылады.


Іс-шара барысында сөз алған ҚР Ғылым және жоғары білім вице-министрі Қуаныш Ерғалиев Қазақстан Болон процесіне қатысатын Орталық Азиядағы жалғыз мемлекет екенін атап өтті. Ол Орталық Азиядағы жоғары білім беру кеңістігін құру мәселесін талқылауды ұсынды.


ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің баспасөз қызметі