Search

Білім басқармалары басшыларының телефон нөмірлері жарияланды

Оқу-ағарту министрлігі еліміздің барлық өңіріндегі білім басқармалары басшыларының ұялы телефондары мен әлеуметтік желідегі аккаунттарын жариялады. Сондай-ақ орынбасарларының нөмірлері да көрсетілген. Бұл азаматтардың өтініштеріне жедел жауап беру мақсатында жарияланып отыр.

«Білім беру ұйымдарының жұмысына, балаларды оқытуға және басқа да мәселелерге қатысты сұрақтар туындаған жағдайда қазақстандықтар білім басқармалары мен аумақтық бөлімдердің басшыларына тікелей хабарласа алады. Ата-аналар, педагогтер білім саласындағы проблемалар жайында хабарлай алады. Басшылар азаматтардың өтініштеріне жедел ден қойып, қажетті шешімдерді уақытында қабылдауы қажет. Қаржыландыру, құрылыс, жөндеу жұмыстары әкімдіктердің құзырында екенін естеріңізге сала кетейін», - деді Мектепке дейінгі және орта білім комитетінің төрағасы Гүлмира Кәрімова.

Сонымен қатар білім басқармаларында call-орталықтар құрылды. Оған да азаматтар білім беру мәселелері бойынша жүгіне алады. Call-орталықтардың нөмірлері әлеуметтік желілердегі парақшаларда жарияланған.



Контакты и соцсети РУК-ЗАМ_УО
.docx
Download DOCX • 39KB