Search

БҰҰ СПЕКА форумында ғылым мен жоғары білім беруді цифрландырудың негізгі бағыттары айтылды

ҚР Ғылым және жоғары білім вице-министрі Камиль Ақатов БҰҰ СПЕКА экономикалық форумына қатысты. ҚР ҒЖБМ баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып, «Современное образование» журналы хабарлайды. Іс-шара аясында ол «Цифрлық трансформация – цифрлық мүмкіндіктерді барынша пайдалану» сессиясын ашып, баяндама жасады.


Камиль Ақатов өз сөзінде ғылым мен жоғары білім беруді цифрландырудың, оның ішінде Мемлекет басшысының тапсырмаларын тиімді жүзеге асырудың негізгі бағыттары мен тәсілдеріне тоқталды.

«Ғылым мен жоғары білім саласындағы тиімді сараптамалық цифрлық құралдарды құрылымдау үшін деректермен жұмыс істеу маңызды. Министрлік «Цифрлық университет» моделінің тұжырымдамасын әзірлеп, іске асыруды жоспарлап отыр. Апробация жоғары оқу орындарының бірінде өтеді», – деп атап өтті вице-министр.

Сонымен қатар, ол онлайн курстарды енгізу, бағдарламалау мектептері мен ақпараттық-коммуникациялық технологиялар академияларын өңірлік жоғары оқу орындары базасында ашу шеңберінде IT құзыреттілігін арттыруға және адами капиталды дамытуға бағытталған бастамаларды іске асыру бойынша жетекші әріптестерді жұмысқа тарту туралы министрліктің бастамалары мен жоспарлары туралы айтып берді.