top of page
Search

ҰТО және ЖОО қабылдау комиссияларының сарапшылары талапкерлердің сұрақтарына жауап берді

7 желтоқсанда 2023 жылы жоғары оқу орындарына түсушілерге арналған онлайн-форум өтті. Ұлттық тестілеу орталығының директоры Руслан Емелбаев пен жоғары оқу орындарыныныңөкілдері талапкерлермен кездесті.


Форумға қатысушыларға арналған құттықтау сөзінде Руслан Тоқтарбекұлы Ұлттық тестілеу орталығының ғана емес, сонымен қатар әр түрлі жоғары оқу орындарының қабылдау комиссияларының өкілдерінің қатысуымен өткен талапкерлермен диалог форматының маңыздылығын атап өтті, өйткені дәл осы қабылдау комиссиялары талапкерлермен және ата-аналармен тікелей жұмыс істейді.


Экранның сыртында негізінен Павлодар, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарынан, Абай облысынан, Ұлытау облысынан, сондай-ақ басқа өңірлерден келген мектептер мен колледждердің түлектері болды. Сондай-ақ, түрлі өңірлерден: Turan-Astana University, Turan University (Алматы), Марат Оспанов атындағы БҚМУ, Халықаралық туризм және қонақжайлылық университеті (IUTH), С. Аманжолов атындағы ШҚУ, Мұхтар Әуезов атындағы ОҚУ сияқты жоғары оқу орындары қатысты. ЖОО-лар әр түрлі оқу бағыттарын, оның ішінде медициналық, техникалық, педагогикалық, экономикалық бағыттарды, ауыл шаруашылығымен, туризммен және басқалармен байланысты оқу бағыттарын ұсынды.


Форумның бірінші бөлімінде талапкерлер мен ата-аналардан келіп түскен көптеген сұрақтар талқыланды, содан кейін бірнеше жоғары оқу орындары өздерінің жеке Ашық есік күндерін ұйымдастырды, оған барлық түлектер оқуға түсу туралы толығырақ ақпарат алу үшін қатысты.


Қарағанды қаласында оқитын оқушының қосымша сабақтардан басқа ҰБТ-ға дайындалудың қандай да бір ерекше әдістері бар ма деген сұрағына Ұлттық тестілеу орталығы тестілеу үшін сұрақтар дайындап қана қоймай, талапкерлерге жан-жақты қолдау көрсететінін айтты.


«Мысалы, - деді Руслан Емелбаев, - біз екі аптадан бері ҰБТ-ға дайындық саласында өзін дәлелдеген ірі оқу орталықтарымен бірлесе отырып, тегін онлайн сабақтар өткізіп жатырмыз. Дүйсенбіден жұмаға дейін бұл онлайн сабақтар осы орталықтардың YouTube арналарында өткізіледі және талапкерлер тікелей эфирде мамандарға сұрақтарын қоя алады.
Екінші жыл Ұлттық тестілеу орталығының сайтында ҰБТ сұрақтары құрастырылған барлық оқулықтардың тізімін жариялап отырмыз. Сонымен қатар, қандай тақырыптар және қандай ішкі тақырыптар бойынша сұрақтар құрастырылғаны туралы техникалық сипаттізім бар. Тіпті биыл ҰБТ-да қанша сұрақ, қандай тақырыпта өтетіні туралы ақпаратты да орналастырдық.
Қазақстан тарихына ерекше көңіл бөлінеді. Біріншіден, бұл барлық талапкерлер үшін міндетті пән, екіншіден, тым көп тарихи даталар енгізілген. Сондықтан біз Тарих институтымен бірлесіп Қазақстан тарихы мен дүниежүзілік тарих бойынша 100 маңызды тарихи датаны бекітіп жарияладық. Оқушылар өте көп датаны жаттап алмауүшін осы 100 датадан басқа ҰБТ-да басқа даталар болмайды.
Сонымен қатар, біз бір ай бұрын біз ҰТО сайтында тегін сынақ тестілерін іске қостық.
ҰБТ-ға жақсы дайындалғысы келетін кез келген үміткер мұны орындай алады. Ол үшін біздің сайтта «ҰБТ-ға дайындық» арнайы бөлімі бар, онда барлық қажетті ақпарат орналастырылған», - деп түсіндірді Руслан Емелбаев.

Бұл биылғы оқу жылындағы үшінші онлайн форум. Көптеген сұрақтар талданды, бұған 10 мыңға жуық болашақ талапкер қатысты, форум жазбалары YouTube бейне хостингінде жарияланды.


Талапкерлердің ақпараттық онлайн-алаңын 2019 жылы пандемия басталғаннан бері "Современное образование" журналының редакциясы ұйымдастырды және Қазақстанның жоғары оқу орындары мен колледждеріне түсуге дайындалып жатқан жастар мен ата-аналар арасында танымалдылыққа ие бола отырып, бүгінде жұмысын ары қарай жалғастыруда.


Келесі форум 25 қаңтарда өтеді және форумға www.bilim.expert сайтында тіркеліп, өз сұрағыңызды жібере аласыз


Сұрақтарға жауаптар.

Ответы на вопросы.



14:47 📌 2023 жылғы түлектерге ҰБТ форматы әлі де өзгереді ме? 2023 жылы биология, химия пәнінің мамандықтарына грант саны көбейе ме?

17:21 📌Сәуірде ҰБТ-ны физматпен тапсырып, маусымда ҰБТ-ны геоматпен тапсыруға бола ма және тапсыруға болған жағдайда сәуірде ҰБТ-дан алған балым жоғалып кетпей ме?

19:40 📌 Дизайнерге неше балдан бастап грандқа тусуге болады?

20:59 📌 Есть ли какие-то особые методы подготовки к ЕНТ, кроме дополнительных уроков?

24:23 📌Важная информация для тех, кто хочет поступать на IT ✅ Список терминов по информатике для поступающих на IT-направления можно скачать на сайте НЦТ по ссылке http://testcenter.kz/upload/image/Тер...

26:11 📌Медицина мамандығына түсу үшін қандай пәндер керек?

27:44 📌Слышала информацию о том, что в скором времени нельзя будет выбрать предмет «Человек. Общество. Право» в качестве профильного предмета. Его либо заменят, либо совсем уберут. Правда ли это?

28:23 ‼️ Право - проходной балл - 75

29:32 📌 Сколько баллов нужно набрать, чтобы поступить на педагога? (‼️Вузы могут сами устанавливать пороговый балл)

31:57 📌 Как можно поступить в вузы Казахстана гражданам других республик? Можно не сдавать ЕНТ в этом случае? Что тогда надо сдавать?

33:08 📌 Достаточно ли охватить учебники по школьной программе для успешной подготовки к ЕНТ? Смогу ли я получить 140 баллов?

35:05 📌 Университетке грантқа өтпей, бірақ ақылы оқуға өттім делік. Университеттің ішінде жүріп грантқа өтуге бола ма? Болса қандай жолдары бар?

36:20 📌 Қашықтықтан оқу форматында тау-кен ісі/геологиялық барлау мамандығына грантқа қалай түсуіме болады? Қашықтықтан оқу форматында әскери міндеттіліктен босатылуға болады ма?

37:15 📌 Тестілеу барысында сақтау керек ережелер; Туризм мамандығына грантқа шекті балл; IELTS 6.0 балл болса, шет тілінен 45/45 алуға болады ма; ‼️IELTS

40:38 📌 Какие экзамены нужно сдать для поступления в вуз выпускнику колледжа? ‼️ 42:30 Обращайтесь в вуз, не дожидаясь диплома, а заранее, уже в апреле.

43:44 📌 Когда будет известно число грантов на разные профессии (педагогические, медицинские, юридические и т. д.)?

46:31 📌 Что нужно подготовить для творческого экзамена? Какие темы повторить для экзамена по русскому языку и русской литературе?

47:55 📌 Где я смогу работать с профессией робототехник?

49:20 📌 Где можно получить высшее образование на "Нефтегазовое дело" или "Разведку нефтегазовых месторождений" на бюджетной основе? Нужно ли для этого сдавать ЕНТ?

50:10 📌 Туризм мамандығына грант саны қанша бөлінетінін және де тәжірибе алмасу үшін басқа елдерге жіберетін универлердің тізімін білуге бола ма?

51:52 📌Сколько заявлений в университет я могу подать, если буду сдавать творческий экзамен? ‼️ Прежде чем сдавать творческий экзамен в вузе, уточните, будут ли выделены этому вузу гранты.

52:37 📌 Правда ли что студентам в Шымкенте не нужна зимняя одежда?

54:00 📌 Химия, биология пәні бойынша стамотолог және жалпы медицинаға түсу үшін қанша балл жинау керек? Өту және шекті балл қанша болу керек?

56:16</