Search

Еліміздің ең үздік 50 ғалымы 6 миллион теңгеден сыйлық алады

ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі жыл сайынғы «Үздік ғылыми қызметкер» сыйлығына ізденіс конкурсын жариялады. Байқаудың қорытындысы бойынша еліміздің үздік ғалымдарына 50 сыйлық тағайындалады. 1 сыйлықтың мөлшері 2000 АЕК (6 126 000 тенге) құрайды.


Конкурстың мақсаты – отандық ғылымның дамуына елеулі үлес қосқан ғалымдар мен ғылыми қызметкерлердің еңбегін көтермелеу.


Конкурсқа қатысуға өтінімдер министрліктің https://scicontest2022.iac.kz ақпараттық жүйесі арқылы электрондық форматта 3 желтоқсанға дейін қабылданады.


Сыйлық беруге үміткердің ғылыми жетістіктері келесі көрсеткіштер бойынша бағаланады:

1) Қазақстан Республикасында танылған ғылыми дәреженің болуы;

2) уәкілетті органмен берілген ғылыми атағының болуы;

3) таңдалған ғылыми бағыт бойынша ғылыми жобалар мен бағдарламаларға басшылық ету;

4) таңдалған ғылыми бағыт бойынша ғылыми нәтижелердің болуы және сапасы (мақалалар немесе шолулар, отандық және шетелдік монографиялар, монографиядағы тарау, патенттер, енгізулер және т.б.);

5) таңдаулы ғылыми бағыт бойынша беделді халықаралық рецензияланатын журналдарда жетекші шетелдік ғалымдармен бірлескен авторлықпен мақалалардың болуы;

6) соңғы жылы ЖЖОКБҰ-да кемінде бір пәнді немесе бірнеше пәндерді оқыту;

7) философия докторы (PhD) немесе сала докторы ғылыми дәрежесін алған кадрларды дайындау;

8) өндіріске енгізу үшін ғылыми және ғылыми-техникалық қызметтің расталған нәтижелері;

9) ғылыми зерттеулердің сапасын, нәтижелілігін және әсерін арттыруға бағытталған қоғамдық жұмыс.

Қосымша:

  1. «Үздік ғылыми қызметкер» жыл сайынғы сыйлығын беру қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2021 жылғы 2 қарашадағы № 544 бұйрығы. (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2021 жылғы 3 қарашада № 25003 болып тіркелді) (https://adilet.zan.kz/rus/docs/V2100025003) Қағида

  2. «2022 жылы «Үздік ғылыми қызметкер» жыл сайынғы сыйлығын тағайындау бойынша конкурс ұйымдастыру туралы» Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігің 2022 жылғы 28 қазандағы № 125 бұйрығы Комиссия құрамы

  3. Конкурстық материалдарды қарау және 2022 жылы «Үздік ғылыми қызметкер» жыл сайынғы сыйлығын беру мәселесі бойынша шешімдер дайындау жөніндегі конкурстық комиссия отырысының № 1 хаттамасы Хаттама

Жауапты тұлға – Тұрғанбаев Дос Әлиұлы, тел.: 8 (7172) 74-20-29, 8 (7172) 74-19-04