Search

«Жас маман» жобасы: Теміртауда құрылысшылар дайындайтын орталық ашылдыБарлық құқықтар қорғалған. i

Теміртау кәсіптік-техникалық колледжінде Jas tehnik және Young chef құзыреттілік орталықтары ашылды. Заманауи алаңдар "Жас маман" жобасы аясында құрылған, деп хабарлайды ҚазАқпарат.


Құзыреттілік орталықтарының жұмысы әлемдік стандарттарға сәйкес кәсіптік оқытудың тиімді жүйесін құруға бағытталған, бұл колледж түлектерінің бәсекеге қабілеттілігін арттыруы тиіс. «Жас маман» жобасы аясында колледж «Тамақтандыруды ұйымдастыру», «Автомобиль жолдары мен аэродромдарды салу және пайдалану» мамандықтары бойынша әлемдік стандарттарға сәйкес келетін заманауи жабдықтарды сатып алуға және оқу процесінде пайдалануға мүмкіндік алды. Осы алаңдар базасында «Кәсіптік бағдар және мансап», «Мансап және жұмысқа орналастыру» орталықтарын құру, сондай-ақ жастарды инновациялық стартап жобаларға тарту жоспарлануда», – деп атап өтті колледжде.

Орталықтардың ресурстары өндірістік оқыту және кәсіптік тәжірибе кезінде, зертханалық-практикалық жұмыстарды, көрсету емтихандарын өткізу, қатысушыларды WorldSkills чемпионаттарына дайындау кезінде, техникалық шығармашылық үйірмелерінің жұмысы үшін пайдаланылады.