top of page
Search

Қазақстандық оқушылар үшін мектеп формасының нұсқалары кеңейтілді

Пиджак, жилет, шалбар, юбка және жейдеден тұратын қазіргі мектеп формасымен қатар оқушыларға пиджак пен жакетті түймелері бар немесе сыдырмалы тоқылған күрте/кардигандарға ауыстыруға, сондай-ақ күнделікті киіп жүрген жейделерін поло жейделерге ауыстыруға мүмкіндік берілді. ҚР ОАМ баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып, «Современное образование» журналы хабарлайды. Алайда киімнің түсі, стилі және басқа да тұстары мектеп әкімшілігімен келісілуі керек.


Бұл ҚР Оқу-ағарту министрлігінің 30 желтоқсандағы бұйрығына енгізілгентолықтырулардың арқасында мүмкін болды.

«Жалпы мектеп формасына қойылатын талаптар өзгермейді. Бұл жерде әңгіметізімді толықтыру және таңдау мүмкіндігін беру жайында болып отыр. Бұған дейіната-аналар бұл мүмкіндіктің балалар үшін ыңғайлы екенін айтып, қарастыруды сұрағанболатын. Өйткені сабақ кезінде ресми костюм кию балалардың барлығына бірдей қолайлыемес. Сол себепті балама ретінде ыңғайлырақ киіммен келуге рұқсат беру ұсынылды. Мысалы, ресми пиджак немесе жакет орнына тоқылған күрте/кардиган және күнделікті жейде орнына поло жейде. Шешімді мектеп әкімшілігі, қамқоршылық кеңесі және мектептің өзін-өзі басқару кеңесі қабылдайды. Бұл толықтырулар келесі жылы мектептерде шешім қабылдауға жеткілікті уақыт болуы үшін алдын ала басталып отыр. Бірақ бұл мектептер бекітілген талаптарды міндетті түрде қайта қарауы керек дегенді білдірмейді. Бұл қажет болған жағдайда пайдалануға болатын қосымша мүмкіндік пен нұсқа ғана», - деп түсіндірді ҚР Оқу-ағарту министрлігі Орта білім комитетінің төрағасы Гүлмира Райынбекқызы.

Ата-аналар өндірушіні таңдауда және мектеп формасын сатып алуда тәуелсіз екенін еске сала кетейік.




bottom of page