Search

Отандық ғалымдардың жалақысы 70 %-ке өсті

Отандық ғалымдардың жалақысы 257 мың теңгеге дейін өсті. Бұл туралы ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек хабарлады. ҚР ҒЖБМ баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып, «Современное образование» журналы хабарлайды.


Осыған дейін ғалымдардың жалақысы тұрақты болмады және конкурстардың нәтижелеріне байланысты болатын. Енді олар гранттық және бағдарламалық-нысаналы қаржыландыруға арналған конкурстық рәсімдерге қарамастан тұрақты еңбекақы алатын болады.


Енгізіліп жатқан қаржы реформалары 1200-ге жуық жетекші ғалымның жалақысын 70% - ке, яғни 152 мың теңгеден 257 мың теңгеге дейін ұлғайтуға мүмкіндік береді. Бұл шаралар 74 ғылыми зерттеу институттың кадрлық және ғылыми әлеуетін және отандық ғалымдардың құзыретін нығайтуға ықпал етеді.