top of page
Search

«Тіл шебері-2022» республикалық байқауы өтті

Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі Тіл саясаты комитетінің ұйымдастыруымен 19 желтоқсан күні «Тіл шебері-2022» республикалық байқауы өткізілді. ҚР ҒЖБМ баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып, «Современное образование» журналы хабарлайды.


Байқаудың мақсаты – қазақ, орыс, ағылшын тілдерін жетік меңгерген мемлекеттік қызметшілерді қолдау, насихаттау, мәртебесін көтеру.

Шараға Астана қаласында орналасқан мемлекеттік органдардың 3 мемлекеттік қызметшілерден тұратын, барлығы 14 топтан құралған 42 үміткер қатысты.

Байқауды Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі Тіл саясаты комитеті төрағасының орынбасары Абзалбек Ғабит Мұхамеджанұлы құттықтау сөзбен ашып, қатысушыларға сәттілік тіледі.

Байқау шартына сай қатысушылар «Елтаным», «Сөзтаным», «Ойтаным» кезеңдері бойынша бақ сынады. Олардың үш тілді меңгеру деңгейі мен тілдік норманы сақтауы, орфографиялық және орфоэпиялық сауаттылықтары бағаланды.

Жеңімпаздарды Филология ғылымдарының кандидаты, Қазақстан жазушылар одағының мүшесі, ілеспе аудармашы Әлпейісова Камал Әбілқасымқызы төрағалық еткен арнайы құрылған қазылар алқасы бағалады. Қазылар алқасы мүшелерінің ортақ шешімі бойынша Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің командасы Бас жүлде иегері атанды.

І орынды Қазақстан Республикасының Қаржы мониторингі агенттігінің командасы;

ІІ орынды Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі, Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі командалары;

ІІІ орынды Қазақстан Республикасының Жоғары аудиторлық палатасы, Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі және Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметі командалары иемденді.

Барлық қатысушылар құрмет грамоталары және ақшалай сыйлықтармен марапатталды.




bottom of page