Search

Шетелдік сарапшылар тобы ІІМ Қостанай академиясына ат басын тіреді

Шетелдік сарапшылар тобы ІІМ Қостанай академиясына ат басын тіреді. Кездесудің басты мақсаты - қылмыстық-атқару жүйесі саласында тәжірибе алмасу.

ІІМ Ш. Қабылбаев атындағы Қостанай академиясында Қырғызстан, Тәжікстан, Өзбекстан өкілдерінің қатысуымен «ҚАЖ қызметкерлері мен Орталық Азия өңіріндегі пробация қызметінің кәсіби дайындығы» атты дөңгелек үстел өткізілді.

ІІМ Қостанай академиясы ҚАЖ қызметкерлерін даярлауды жүзеге асыратын Орталық Азиядағы бірден-бір жоғары оқу орны болып табылатынын айта кеткен жөн, сонымен қатар Экстремистік идеологияға қарсы іс-қимыл бойынша ҚАЖ мамандарын даярлау орталығы, Пробация қызметі мамандарын даярлау орталығы да тек осы жерде ғана жұмыс істейді. Шетелдіктер оқу бағдарламаларын іске асыру шеңберінде одан әрі ынтымақтастықтың маңыздылығын, сондай-ақ өз елінде осындай бірегей Орталықтардың ашылуын атап өтті.

Іс-шарада Тәжікстан, Өзбекстан, Қырғызстан және Қазақстан өкілдері қызметкерлердің экстремистік және террористік бағыттағы қылмыстары үшін сотталғандармен жұмыс істеу әлеуетін арттыру жобалары туралы айтып, жұмыстың осы бағытындағы ведомствоаралық өзара іс-қимыл тәжірибесімен бөлісті.

Орталық Азия үшін БҰҰ ЕҚБ өңірлік өкілдігі БҰҰ ЕҚБ, KazAID және Сыртқы істер министрлігі арасындағы әріптестік шеңберінде шетелдік делегацияның Қостанай академиясына оқып-үйрену сапарын өткізуді қолдады.

ҚР ІІМ Ш.Қабылбаев атындағы Қостанай академиясының баспасөз қызметі