Search

Қазақстандықтар депозит ашып, баласын университетте оқытуға ақша жинай алады

Қазақстандықтар мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесі аясында 21 мыңнан астам білім депозитін ашты. Бұл туралы Алматы қаласының өңірлік коммуникациялар қызметінің баспасөз конференциясы барысында ҚР БҒМ «Қаржы орталығы» АҚ ілгерілету және сыртқы коммуникациялар департаментінің директоры Алпамыс Сатыбалдин мәлім етті.

Еске салсақ, 2013 жылдан бастап ел тұрғындары өздерінің білім алуына немесе балаларының білім алуына ақшалай қаражат жинай алады. Бұл үшін AQYL білім беру жинақтау салымы құрылды.

Қазіргі уақытта білім беру депозитін ашуға болатын қатысушы банктер: «Қазақстан халық банкі» АҚ, сыйақы мөлшерлемесі – 9%; «Jysan Bank» АҚ, сыйақы мөлшерлемесі – 8,3%; «Банк ВТБ» АҚ ЕҰ, сыйақы мөлшерлемесі – 8,8%; «Нұрбанк» АҚ, сыйақы мөлшерлемесі – 9%. ЖОО-ға немесе колледжге ақылы негізде түскеннен кейін салымшы депозит ашылған банкке ЖОО/колледжбен шарт ұсынады, банк оқу ақысын салымшының шотынан тікелей білім беру ұйымына аударады.


Егер оқудың барлық мерзімін төлегеннен кейін депозитте қаражат қалса, салымшы оларды алып тастауға құқылы. Бала грантқа түскен жағдайда салымшы барлық қаражатты банк сыйақысымен және мемлекет сыйлықақысымен бірге алуға немесе оларды магистратураға төлеуге жұмсауға құқылы.