Search

Қазақстандық ғалымдардың ғылыми жобаларын экспорттаудан 346 млн табыс түсті

Қазақстандық ғалымдар стереотиптерді бұзып, әлемдік деңгейге шығып жатыр. Қазақстанда ғылым бар, онымен қоса ол әлемдік деңгейге шықты. Біздің ғалымдардың жобаларына деген сұраныс басқа елдерде де артып келеді.


Тек 2021 жылы қазақстандық ғалымдардың 15 ғылыми әзірлемелері Қытай, Ресей, Түркия, Грузия, Чехия және Қырғызстан сияқты елдерге экспортталды.

Ал ғылыми әзірлемелер экспортынан түскен табыс 346 миллион теңгеден асты. Олардың арасында кобальт-57 радиоизотопы, жел және күн энергиясын өндіретін генераторлар, зеңге қарсы дәрілік препарат, медициналық, тағамдық және тұрғын үй-жайларды санациялауға арналған биопрепараттар, сүт сарысуы негізіндегі сусындар, пробиотиктер және басқалары бар.

Бұл ретте біздің ғалымдар ғылыми жобалардың халықаралық нарыққа шығуының арқасында пассивті кіріс алады, олар медицина, нано және биотехнология, жасанды интеллект, геология, минералды және көмірсутекті шикізатты қайта өңдеу, ауыл шаруашылығы өнімдерінің қауіпсіздігі және экология саласындағы заманауи әзірлемелерге қатысады.

Мұның бәрі мемлекеттік қолдаудың арқасында, ҚР БҒМ Ғылым қоры арқылы мүмкін болды. Қор ғылыми және ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыру бойынша жобаларды гранттық қаржыландыру бойынша оператор болып табылады.

Егер қысқаша айтсақ: - Соңғы 2 жылда 130-ға жуық жоба қаржыландырылды; - 120 ғылыми өндіріс іске қосылды (15 өнім экспортқа шықты); - 1,5 мыңға жуық жұмыс орны ашылды; - 45 лицензиялық келісім жасалды.