top of page
Search

Қазақстан мен Өзбекстан арасында үкіметаралық келісімге қол қойылды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Өзбекстанға мемлекеттік сапары аясында Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Өзбекстан Республикасының Үкіметі арасындағы Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім саласындағы ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылды. ҚР ҒЖБМ баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып, «Современное образование» журналы хабарлайды.


Құжатқа ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек пен Өзбекстан Республикасының Жоғары және орта арнайы білім министрі Абдукодир Тошкулов қол қойды.


Осы келісім шеңберінде тараптар жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру саласындағы ынтымақтастықты дамытуға, ғылыми саладағы өзара іс-қимылды кеңейтуге жәрдемдеседі.


Құжат студенттер мен профессор-оқытушылар және ғылыми қызметкерлер алмасуды, сондай-ақ бірлескен ғылыми зерттеулер жүргізуді көздейді. Атап айтсақ, 20 білім алушымен алмасу, оның ішінде бакалавриватта оқу үшін 14 орын, магистратурада оқуға 6 орын қарастырылған.


Сонымен қатар екі ел жоғары оқу орындары арасындағы ынтымақтастықты кеңейтуді, кадр даярлау, профессор-оқытушылар құрамы мен ғылыми қызметкерлерді қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыруды жоспарлап отыр.


Фото: www.akorda.kz

bottom of page