Search

ҚР ОАМ Техникалық және кәсіптік білім департаментінің директоры тағайындалды

Ернат Ғапуұлы Жүнісов ҚР Оқу-ағарту министрлігі Техникалық және кәсіптік білім департаментінің директоры болып тағайындалды. ҚР ОАМ баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып, «Современное образование» журналы хабарлайды.


Оның ТжКБ саласында 20 жылдан астам тәжірибесі бар.


Ернат Жүнісов 1975 жылы туған.


Мамандығы – «Еңбек, информатика және компьютерлік технологиялар мұғалімі».


Еңбек жолын 1996 жылы Сәтпаев қаласындағы Абай атындағы №4 мектеп-лицейінде еңбекке баулу пәнінің мұғалімі болып бастаған.


1999-2006 жылдары - оқу ісінің меңгерушісі, колледж директорының орынбасары және №19 кәсіптік лицей директорының орынбасары болды.


2006-2009 жылдары - Білім және ғылым министрлігі Техникалық және кәсіптік білім департаментінің сарапшысы, бас сарапшысы қызметін атқарды.


2009-2015 жылдары ТжКБ департаменті бөлімінің басшысы.


2015 жылдан бастап министрліктің Техникалық және кәсіптік білім департаменті директорының орынбасары қызметін атқарды.