Search

Қыркүйек айында Кozybayev University жаңа оқу-зертханалық корпусы ашылады

ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Ералы Тоғжанов Солтүстік Қазақстан облысына жұмыс сапары аясында Кozybayev University жаңа оқу-зертханалық корпусымен танысты.


Корпуста инженерия, медицина, жаратылыстану және ауылшаруашылық ғылымдары бойынша 70 зертхана бар. Қазіргі уақытта құрылыс жұмыстары аяқталып, университет қыркүйек айында жаңа оқу жылын жаңа ғимаратта бастайды.


«Біз ең үздік білім беру және ғылыми жабдықтарды орнаттық. Студенттер тәжірибелер мен ғылыми эксперименттер жүргізе алады. Бұл шаралардың барлығы біздің өңірлік университетімізде жоғары білім беру сапасын жақсартуға бағытталған», — деп атап өтті Құмар Ақсақалов.

Осы жылы Аризона университеті халықаралық бағдарламаларға 170 студентті қабылдады. Оның 50-і қос диплом бағдарламасы бойынша білім алады.

«Ынтымақтастық жөніндегі меморандум аясында Кozybayev University мен Аризона университетінің қос дипломды оқыту бағдарламалары бойынша алғашқы қабылдау науқаны өткізілді. Ол университет студенттерін соңғы семестрде АҚШ-тағы бас университетте оқытуды қарастырады. Бұл жастар үшін үлкен мүмкіндіктер ашады. Университет түлектері бәсекеге қабілетті болады және сәйкесінше, жоғары оқу орнын бітіргеннен кейін бірден жақсы жұмыс жағдайына және жалақының жоғары деңгейіне үміткер бола алады», — деп атап өтті Ералы Тоғжанов.

Халықаралық білім беру бағдарламалары бойынша жоғары білім берудің мемлекеттік стандартын қатаң сақтай отырып, үш тілде – ағылшын, қазақ және орыс тілдерінде оқыту көзделген. Негізгі бағыттар – IT, инженерия, ауыл шаруашылығы.

Кozybayev University-де қазақстандық оқытушылар, соның ішінде «Болашақ» бағдарламасының түлектері, сондай-ақ АҚШ профессорлары сабақ беретін болады.

Қос дипломды кадрлар даярлау бағдарламасын іске асыру жобасы Кozybayev University брендін жаңа деңгейге көтеруге мүмкіндік береді, өңірден шықпай-ақ халықаралық білім алуға, сондай-ақ өңірден және жалпы елден жастардың кетуін төмендетуге мүмкіндік береді.


Жалпы, облыс бойынша білім беру саласында оң өзгерістер орын алып жатыр. 5 жыл ішінде түлектердің сыртқа кетуі 2 есеге, 30-дан 16%-ға дейін төмендеді. Биыл облыстың 2,2 мың түлегі еліміздің жоғары оқу орындарына түсті, олардың 64%-ы грантта оқитын болады. Бұл соңғы 5 жылдағы ең жоғары көрсеткіш



Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Баспасөз Қызметі