Search

Ұлттық тестілеу орталығы ҰБТ- ға дайындалуға арналған тегін онлайн-сабақтар өткізеді

21 қараша күні Ғылым және жоғары білім министрлігіне қарасты Ұлттық тестілеу орталығы еліміздің ірі білім беру орталықтарымен бірлесіп ҰБТ-ға дайындалуға арналған тегін онлайн-сабақтарды бастайды. ҚР ҒЖБМ баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып, «Современное образование» журналы хабарлайды.


Сабақтар орталықтардың YouTube арналарында тікелей эфирде өткізіледі. Онлайн сабақтардың барлық эфирі талапкерлер кез-келген уақытта көре алауы үшін сақталады.

«Түлектердің ҰБТ-ға дайындығын Ұлттық тестілеу орталығы білім беру орталықтарымен бірлесіп үшінші жыл өткізіп отыр. Биыл 8 орталық сабақ береді. Жоба бюджет қаражатын жұмсамай іске асырылғанын атап өткім келеді», – деді ҚР ҒЖБМ Ұлттық тестілеу орталығының директоры Руслан Емелбаев.

Сонымен қатар Ұлттық тестілеу орталығы ҰБТ-ға дайындық үшін тегін онлайн тестілеуді іске қосты.