Search

11 қазанда жас ғалымдарды гранттық қаржыландыруға арналған конкурс басталады

Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі 2023-2025 жылдарға арналған жас ғалымдарды гранттық қаржыландыруға конкурс өткізетіні жөнінде хабарлайды.


Конкурстық құжаттамаға сәйкес өтінімдер ғылымды дамытудың келесідей басым бағыттары бойынша қабылданады:

- Су ресурстарын, жануарлар мен өсімдіктер дүниесін ұтымды пайдалану, экология;

- Геология, минералды және көмірсутек шикізатын өндіру және қайта өңдеу, жаңа материалдар, технология, қауіпсіз бұйымдар мен конструкциялар;

- Энергетика және машина жасау;

- Жаратылыстану ғылымдары саласындағы ғылыми зерттеулер;

- Агроөнеркәсіптік кешеннің тұрақты дамуы және ауыл шаруашылығы өнімінің қауіпсіздігі;

- Өмір және денсаулық туралы ғылым;

- Ақпараттық, коммуникациялық және ғарыштық технологиялар;

- Әлеуметтік және гуманитарлық ғылымдар саласындағы зерттеулер;

- Білім және ғылым саласындағы зерттеулер;

- Ұлттық қауіпсіздік және қорғаныс.