Search

3 қазанда жас ғалымдардың зерттеулерін гранттық қаржыландыруға арналған конкурс басталады

ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі 2023-2025 жылдарға арналған «Жас ғалым» жобасы бойынша жас ғалым – постдокторанттардың іргелі және қолданбалы ғылыми зерттеулерін гранттық қаржыландыруға арналған конкурс өткізетіні жөнінде хабарлайды.


Конкурстық құжаттамаға сәйкес өтінімдер ғылымды дамытудың басым бағыттары бойынша қабылданады:

– Су ресурстарын, жануарлар мен өсімдіктер дүниесін ұтымды пайдалану, экология;

– Геология, минералды және көмірсутек шикізатын өндіру және қайта өңдеу, жаңа материалдар, технология, қауіпсіз бұйымдар мен конструкциялар;

– Энергетика және машина жасау;

– Жаратылыстану ғылымдары саласындағы ғылыми зерттеулер;

– Агроөнеркәсіптік кешеннің тұрақты дамуы және ауыл шаруашылығы өнімінің қауіпсіздігі;

– Өмір және денсаулық туралы ғылым;

– Ақпараттық, коммуникациялық және ғарыштық технологиялар;

– Әлеуметтік және гуманитарлық ғылымдар саласындағы зерттеулер;

– Білім және ғылым саласындағы зерттеулер;

– Ұлттық қауіпсіздік және қорғаныс және мамандырылған ғылыми бағыттар. Конкурстық өтінімдерді қабылдау 31 қазанға дейін https://is.ncste.kz сайтында жүргізіледі.


ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің баспасөз қызметі