top of page
Search

Altynsarin institute студенті «Үздік жас ғалым -2023» атағына ие болды

Altynsarin institute студенті «Үздік жас ғалым -2023» атағына ие болды.ҚР Ғылым және жоғары білім министрілігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап, «Современное образование» журналы хабарлайды.


Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығының 3 курс студенті Шадбенова Нұрханым 2023 жылғы «ТМД Үздік жас ғалымы» халықаралық жобасының жеңімпазы атанды.


Бұл жобаны Халықаралық студенттер қауымдастығы (Астана) Қазақстан Республикасы «Bilim – órkenieti» ұлттық инновациялық ғылыми-зерттеу орталығы мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» атты Қазақстан халқына арналған жолдауын Білім және ғылым саласының мамандары және студенттер арасында кеңінен насихаттау мақсатында ұйымдастырып отыр.


Конкурсқа Қазақстан, Ресей, Өзбекстан т.б. елдерден келген жоғары оқу орындарының үздік студенттері өз білімдерін көрсетіп, ғылым саласында алғашқы қадамдарымен, зерттеушілік тәжірибелерімен бөлісті.


Altynsarin institute-нің 3 курс студенті «Мағжан символизміндегі балалық тақырыбы» атты ғылыми жобасын ұсынды. Зерттеу жұмысының авторы бұл тақырыпқа мейлінше мол дайындықпен келген. Мағжан рухымен сырласа отырып, ақын поэзиясының бейнешілдігін өлеңдеріне сүйене отырып дәлелдеген, тілдік, суреткерлік шеберлігін, символдық бейнелерді талдаған.


Байқау комиссиясының шешімімен Нұрханым жеңімпаз атанып, 1-дәрежелі дипломмен, білім, ғылым, мәдениетке қосқан үлесі үшін «ТМД Үздік жас Ғалымы – 2023» төсбелгісімен және куәлікпен марапатталды.


Айта кетерлігі, жас ғалым өзінің ғылыми жұмысын мектеп қабырғасынан бастап жүргізіп келеді, сондай-ақ аға оқытушылары Таутина Б.А. мен Айдарова Г.К. жетекшілігімен оны одан әрі жалғастырып, соңғы курста дипломдық дәрежеде қорғауды жоспарлап отыр.


bottom of page