top of page
Search

«Medtech technology commercialization reactor» диалогтық алаңы ұйымдастырылды

«Medtech technology commercialization reactor» диалогтық алаңы ұйымдастырылды. ҚР Ғылым және жоғары білім министрілігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап, «Современное образование» журналы хабарлайды.


С.Д. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ алаңында, Ғылым қоры Asfen Forum халықаралық форумы аясында ғылым мен бизнесті біріктіру үшін «Medtech Technology Commercialization Reactor» диалогтық алаңын ұйымдастырды.


Өнеркәсіптік реакторда Қазақстанның медициналық университеттері мен ғылыми-зерттеу институттарының ғалымдарына әрі қарай нарықта коммерцияландыру бойынша мәмілелер жасау мақсатында ғылыми идеялары мен әзірлемелерімен бизнесмендерді, кәсіпкерлерді және әлеуетті инвесторларды қызықтыруға мүмкіндік берілді.


MedTech Технологияларды коммерцияландыру реакторы аясында одан әрі бірлесіп қаржыландыру үшін бизнес-серіктестерді іздейтін медициналық жобалар қарастырылды.


Олардың қатарында «Интеллектуалды аудиолог» мобильді қосымшасы, «KZM-01» телекардиографы, телемедициналық үздіксіз жүрек қызметін бақылауға арналған ЭКГ-патчтары, артериялық тамырлардың өткізгіштігін қалпына келтіретін құрылғы, көз торының макулярлы ісінуін емдеуге арналған биоүйлесімді полимерлі имплант, қант диабетін емдеуге арналған , нутрицевтикалық өнім, «CRYOPROTECT» жеке қорғану құралы, «Қаздент» емдік-профилактикалық тіс пастасының өндірісіне арналған желіні іске қосу, отандық шикізаттан антисептикалық сабын өндіру және т.б.

«Біздің қауымдастықтың алдына қойылған міндеттер – ғылым мен бизнесті біріктіру. Тіпті бүгін серіктес-инвесторды таппаған жобалардың ғылыми әзірлемелерін ілгерілетуге Альянс аясында көмектесуге дайынбыз.», - өнеркәсіптік альянс президенті және инновациялық даму жөніндегі, Dolce Group компаниялар тобының негізін қалаушысы, директорлар кеңесінің төрағасы Елена Ли айтты.

Айта кететін жайт, бұған дейін өткізілген «Технологияларды коммерцияландыру реакторларының» қорытындысы бойынша ұсынылған 51 ғылыми жобаның 28-і бойынша іскерлік келісімдер жасаған.


Шараға 100-ден астам ғылым және бизнес өкілдері, сарапшылар, жас ғалымдар, өнертапқыштар қатысты.


MedTech Реакторы жұмысының нәтижелері бойынша 8 жоба бизнес-серіктестермен келіссөздер жүргізуде, 4 жоба аясында кәсіпкерлік кәсіпорындар мен ғылыми ұйымдар бірлескен іс-шаралар өткізу туралы келісімдерге қол қойды – тартылған инвестицияның жалпы сомасы 500 млн теңгеден астам.


bottom of page