top of page
Search

Science Talk — заманауи ғылым туралы іс-шаралардың басталуы

2021 жыл 14 қыркүйек, Нұр-Сұлтан — Қазақстанда Science Talk іс-шаралары басталады: халықаралық ғалымдар мен зерттеушілер воркшоп, дәрістер мен пікірталастар форматында заманауи ғылымның үрдістері мен тақырыптары туралы әңгімелейді, ғылым салаларының негізгі мәселелері мен мүмкіндіктерін талқылайды.


Science Talk ұйымдастырушы— «Шеврон» компаниясының қолдауымен Caravan of Knowledge білім беру ұйымы.


Машиналық оқыту, компьютерлік көру, трансплантология, астрофизика, экология - Science Talk айтылатын салалар тізбесінің аз бөлігі.


«Бүгінгі таңда сыни, ғылыми, шығармашылық ойлау барлығына тек оқу мен жұмыста ғана емес, күнделікті өмірде де — ақылға қонымды таңдау жасау, ақпараттық ағындарды сүзу, айналадағы заттардың қалай жұмыс істейтінін түсіну үшін қажет - дейді Science Talk үйлестірушісі Альфия Мұстафина. — Ғалымдар, Science Talk спикерлері мұны өз зерттеулерінің мысалында түсіндіреді.»


Ғылым туралы стандартты дәрістерден басқа, Science Talk өзін тікелей істе сынап көруді және ғылым абстрактілі емес, күнделікті заттармен байланысты және ең бастысы бәріне, әсіресе тәлімгерлердің жетекшілігімен қол жетімді екенін түсінуді ұсынады: Science Talk қатысушылары объектілерді танитын бағдарлама жазады, мультимедиялық жоба жасайды, ғалымдармен бірге қызмет жолын және белгілі бір ғылыми саладағы қолданбалы қосымшаларды талқылайды.


Science Talk іс-шаралары онлайн өткізіледі және барлық қатысушылар – оқушылар, студенттер, оқытушылар, сондай-ақ ғылым мен жаңа технологиялар қызықтыратын барлық адамдар үшін ашық. Қатысу тегін.


Science Talk мектептер, мұғалімдер мен оқушылар үшін ерекше қатысу шарттарын ұсынады:

● Ең белсенді мектептер мен педагогтер STEAM-амбассадор атағы мен ордендер алады, оларды Caravan of Knowledge 2022 жылы қаңтарда жыл сайынғы STEAM-конференцияда табыстайды.

● Мұғалімдер Science Talk материалдарын сабақтарға қосымша материалдар ретінде пайдалана алады.

● Белсенді оқушылар үшін жүлделер жүйесі қарастырылған – қатысу сертификаттарын бағалы сыйлықтар мен дәрежелерге айырбастауға болады.




bottom of page