Search

Skills Enbek және Coursera меморандумға қол қойды

Skills Enbek қазақстандық платформасы мен Coursera ірі халықаралық білім беру платформасы Қазақстанда онлайн оқытуды дамыту бойынша әріптес болды.

Тиісті меморандумға Астана қаласында Digital Bridge 2022 Халықаралық форумы барысында «Еңбек ресурстарын дамыту орталығы» АҚ президенті Дәулет Арғындықов және Coursera Еуропа елдеріндегі үкіметтермен өзара іс-қимыл жөніндегі басшысы Алина Леон-Козенко қол қойды.

«Ынтымақтастық туралы келісім еңбек ресурстарының білімі мен дағдыларын арттыру үшін мүмкіндіктерді кеңейтуге, оның ішінде платформаларды интеграциялау арқылы бағытталатын болады. Coursera және Skills Enbек алаңдарында онлайн-оқыту қазақстандықтарға өз біліктілігін арттыруға, жаңа дағдылар алуға және өздері үшін жаңа салада мансапты бастауға мүмкіндік береді», – деп хабарлады Дәулет Арғындықов.

«ЕРДО» АҚ маркетплейс қағидаты бойынша курстарға қолжетімділік беретін халықаралық алаңдардың қазақстандық баламасы болып табылатын Skills Enbek онлайн-оқыту платформасын техникалық және әдіснамалық дамытуды жүзеге асырады.

Кез келген адам Skills -те оқуды бастай алады, ал платформада алынған сертификаттар мен дағдылар түйіндемеде Электрондық еңбек биржасында автоматты түрде көрсетіледі.

Платформа 2021 жылы іске қосылды және оны дамыту, курстардың саны мен сапасын арттыру тұрақты негізде жүргізілуде.

Бүгінгі таңда Skills Enbek-те 109 кәсіп бойынша 157 курс орналастырылған, оның 72-сі-тегін.

Тіркелген пайдаланушылар саны 155 мыңнан астам адамға жетті, ал оқуды сәтті аяқтап, 119 мың адам сертификат алды. Оқуды аяқтағандардың ішінен 22 мың адам жұмыссыз тұлға мәртебесіне ие.

Coursera-мен ынтымақтастықты құру қазақстандықтарға қолжетімді курстар базасын кеңейтуге және оларға қолжетімділікті жеңілдетуге мүмкіндік береді.

Жалпы алғанда, Coursera білім беру платформасы адамдарға заманауи білім мен өзекті дағдыларды беру мақсатында әлемнің 250-ден астам жетекші университеттері мен технологиялық алыптарды біріктіретін әлемдегі ең ірі білім беру ұйымы болып табылады.

Жыл сайын Coursera-да әлемнің 200 елінен 100 миллионнан астам адам оқиды. Қазіргі уақытта платформада 6 мыңнан астам курстардан, 700 мамандықтан, сондай-ақ жобалық оқытудың 3 мың интерактивті ресурстарынан тұратын әлемдегі ең ірі білім беру бағдарламаларының кітапханасы ұсынылған.



Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі