top of page
Search

Алғашқы TOU студенттері Coursera сертификаттарын алды

Қазақстандық студенттер Coursera-да Ғылым және жоғары білім министрлігінің халықаралық білім беру алаңының топ-менеджерлерімен уағдаластығының арқасында оқи алады. Ғылым және жоғары білім министрілігі сілтеме жасай отырып, «Современное образование» журналы хабарлайды.


22 ақпанда университет студенттері Coursera алаңында тегін курстарға қол жеткізді. Ал 24 ақпанда сегіз білім алушыға онлайн-оқудан өткені туралы сертификаттар табысталды.

«Бір курсқа теориясы мен практикалық сабақтары бар бірнеше модульдер кіреді, олардың авторлары - әлемнің жетекші жоғары оқу орындары. Біз үшін ең танымал бағыттар бойынша курстар күніне екі сағатқа есептелген. Бірақ өте ынталы студенттер Coursera-да қарқынды жұмыс істейді. Өтінімдерді қабылдағаннан кейін екі күн өткен соң біздің студенттер арасында алаңның алғашқы түлектері болды», - дейді ToU Академиялық қызмет департаментінің директоры Асылбек Қасенов.

«Ақпараттық жүйелер» мамандығының магистранты Шыңғыс Бекет 48 сағат ішінде Coursera-дан бірден төрт курстан өтті. Ол Python бағдарламалау тілін үйренді және meta-дан қосымшаларды әзірлеу бойынша оқуды жалғастыруда. Торайғыров университетінің студенттері басқа бағыттар бойынша да сертификаттар алды.


Ерсәулет Әбдірайымов «ХХІ ғасырдағы іскерлік қарым-қатынас», ал Бағдан Тыныбек - «Іскерлік хатты жақсы жазу» курстарын оқыды.


Оқушылар онлайн-алаңмен жұмыс істеудің ыңғайлылығын атап өтті, бұл шетелдік білім беру жүйесін зерделеу мүмкіндігі. Білім алушылар Coursera-мен әрі қарай жұмыс істеуге дайын және басқа студенттерге онлайн білім берудің осы әдісін ұсынады.



bottom of page