top of page
Search

Астанада «Жоғары оқу орындарының академиялық саясатындағы жаңа трендтер» атты семинар өтті

Астанада «Жоғары оқу орындарының академиялық саясатындағы жаңа трендтер» атты семинар өтті. Ғылым және жоғары білім министрілігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап, «Современное образование» журналы хабарлайды.


Астанада жоғары оқу орындары ректорлары мен академиялық мәселелер бойынша проректорлар үшін «Жоғары оқу орындарының академиялық саясатындағы жаңа трендтер» атты республикалық семинар өтті. Жиында «Қазақстан Республикасында жоғары білім мен ғылымды дамытудың 2023-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы» жобасы таныстырылды.


Министр Саясат Нұрбек жиынға қатысушыларға қазіргі қоғамның трендтері мен сын-тегеуріндеріне байланысты Қазақстанның жоғары білімін одан әрі дамытуға қатысты ұсыныстарды жеткізді.


Іс-шара барысында спикерлер білім беру стандарттарындағы өзгерістер сипатына, микробіліктілік бағдарламаларын іске асыруға, онлайн мүмкіндіктерді пайдаланудың инновациялық тәсілдерін қолдануға, сондай-ақ «таза парақтан» реттеу саясатына байланысты мәселелерді қозғады.


bottom of page