top of page
Search

Болашақта еңбек нарығында «Миллиениалдар» мен «Z-ұрпағы» маңызды рөл атқарады


Болашақта еңбек нарығында «Миллиениалдар» мен «Z-ұрпағы» маңызды рөл атқарады. Бұл туралы ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Ержан Біржанов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.


«Автоматтандыру тәуекеліне ескі қызметтерді көздейтін кәсіптер барынша бейім. Бұл ретте осы мамандықтар бойынша білімнің ескіру қаупі бар ғана емес, олар мүлдем жоғалып кетуі ықтимал. Білім беру мен жұмыспен қамту саласындағы саясат халықтың әрбір санатының, жастарының сипаттамасын ескеруі тиіс», - деді вице-министр Мәжілісте жұмыскерлерді қайта оқыту және олардың дағдыларын тұрақты жетілдіру жөніндегі жаңа тәсілдерге арналған дөңгелек үстел отырысы барысында.


Оның атап өтуінше, болашақта еңбек нарығында «Миллиениалдар» мен «Z-ұрпағы» маңызы рөл атқарады.


«Олардың цифрлық сауаттылығы жоғары деңгейде. Жұмыспен қамтудың икемді нысандарына тез ауыса алады және білім алуға көп уақыт бөлуге дайын. Сондықтан біз дағдылар мен білімге қойылатын тез өзгерістердің қажеттілігіне жүйелі түрде дайын болуымыз қажет», - деді Ержан Біржанов.



Автор: Марлан Жиембай


#Білім #Жұмыспен қамту #ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі


bottom of page