top of page
Search

Ислам ынтымақтастығы ұйымының министрлері ҚазҰУ-дың ғылыми жетістіктерімен танысты

Ислам ынтымақтастығы ұйымының министрлері ҚазҰУ-дың ғылыми жетістіктерімен танысты. Ғылым және жоғары білім министрілігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап, «Современное образование» журналы хабарлайды.


Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық унверситетінде Ислам ынтымақтастығы ұйымы министрлерінің бірінші кездесуі өтуде. Мұсылман әлеміндегі беделді ұйымның ресми өкілдерін ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек пен Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Басқарма Төрағасы – Ректоры Жансейіт Түймебаев қарсы алып, университеттің ғылыми инфрақұрылымымен таныстырды.


Құрметті қонақтарға ҚазҰУ музейі мен Жағдаяттық басқару орталығын аралап, Дәрілік өсімдіктерді ғылыми-зерттеу орталығына барды. Орталық директоры Жанар Жеңіс өндірістің негізгі мақсаты Қазақстанда өсетін дәрілік өсімдіктерді зерттеу екенін айтып, атқарылып жатқан жұмыстар жайлы баяндады.


Келесі кезекте Процестік инновациялар орталығында қонақтарды директор Әмірхан Темірбаев қарсы алып, инжиниринг және жоғары технологиялар кластері мен жерді қашықтықтан зондтау орталығының тыныс-тіршілігімен бөлісті.


bottom of page