top of page
Search

Магистратураға түсуге өтініш қабылдау қашан басталады


Қазақстандық ЖОО-ларға магистратураға түсу үшін кешенді тест тапсыруға өтініштер 1 маусымда қабылдана бастайды. Бұл туралы ҚР Білім және ғылым министрлігінен мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.


«Магистратураға кешенді тестілеуге өтініштер ҚР БҒМ Ұлттық тестілеу орталығының сайты арқылы 1 маусым - 15 шілде аралығында қабылданады. Кешенді тестілеудің қорытындысы бойынша куәлік электронды түрде тестіленушінің жеке кабинетіне жіберіледі», - деді ведомстводан.


Магистратураға кешенді тестілеу 20 шілдеде басталып, 10 тамызға дейін жалғасады. Араб тілі бойынша және шығармашылық емтихандар 16-25 шілде аралығында өтеді. Магистратураға қабылдау 28 тамызда аяқталады.


Бұған дейін хабарлағанымыздай, биыл бакалавриатқа – 51 500, магистратураға 13 500 грант бөлінеді.


#Білім #ЖОО #Қоғам #ҚР Білім және ғылым министрлігі


bottom of page