top of page
Search

Мажарстан ЖОО-лары қазақстандықтарға 250 грант бөлді

Мажарстан қазақстандықтарға «Stipendium Hungaricum» стипендиялық бағдарламасы аясында Мажарстанның жетекші ЖОО-ларында оқу үшін 250 білім беру грантын ұсынатын болады. ҚР ҒЖБМ баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып, «Современное образование» журналы хабарлайды. Бұл Қазақстан мен Мажарстан арасында жасалған келісімдердің арқасында мүмкін болды.

Мажарстанда тегін оқу конкурсына қатысу үшін құжат қабылдау биылғы жылғы 12 желтоқсанда басталып, 2023 жылғы 18 қаңтарға дейін жалғасады. Өтінімдер Egov.kz электронды Үкімет порталы арқылы және «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ-да қабылданады.

«Stipendium Hungaricum» стипендиялық бағдарламасы қазақстандықтарға келесі бағдарламалар бойынша 250 грант ұсынып отыр:

• бакалавриат 110 орын;

• магистратура 90 орын;

• бакалавриат+магистратура 30 орын;

• докторантура 20 орын.

• докторантура 20 мест.





Фото: www.edu.unideb.hu


bottom of page