top of page
Search

Мектептерде ертеңгілік өтпейді - Аймағамбетов

Сенат отырысында Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов мектептерде балалар ертеңгілігін өткізу туралы сауалға жауап берді.

Оның айтуынша, эпиде


миологиялық жағдайға байланысты мектепте бұқаралық шараларды өткізуге тыйым салынған.


"Бас санитарлық дәрігердің шешімі бар, біз бұл шешімге бағынуға тиіспіз. Сондықтан мектепте ертеңгіліктер немесе басқа да бұқаралық шаралар өтпейді. Бір сынып ішінде мерекелік шараларды өткзу жөнінде мектеп әкімшілігі шешеді", – деді ол. Сондай-ақ министрге омикрон штамының таралуына байланысты мектеп оқушыларын қашықтан оқыту форматына ауыстырылу мүмкін бе деген сауал қойылды.


Министр бұл туралы айту әлі ерте екенін атап өтті.


"Біз ведомствоаралық комиссияның шешімІ аясында жұмыс істейміз. Әзірге мұндай шешімге келетіндей негіз жоқ", – деп түсіндірді Асхат Аймағамбетов.

bottom of page