top of page
Search

Мемлекет басшысы Бибісара Асаубаеваны құттықтады

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев шахматтың блиц түрінен әйелдер арасында әлем чемпионы атанған даңқты шахматшы Бибісара Асаубаеваны құттықтады. Президенттің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып, "Современное образование" журналы хабарлайды


Мемлекет басшысы екінші рет қатарынан алтын медаль иеленген Бибісараның жеңісі оның асқан шеберлігі мен ерен ерік-жігерін тағы бір рет паш еткенін атап өтті.


Оның айтуынша, әлемдік сайыстағы отандық спортшылардың осындай елеулі жетістіктері елімізді интеллектуал ұлт ретінде танытып, Қазақстанда шахмат спортының дәріптелуіне ықпал етеді және мыңдаған жас өрендерді жігерлендіреді.


Сонымен қатар Қасым-Жомарт Тоқаев Бибісара Асаубаеваға әлемдік шахмат аренасында жарқын жеңістерге жете беруіне тілектестік білдірді.





bottom of page