top of page
Search

Министрлік оқу жылын ұзарту туралы бастаманы қолдамады

Білім және ғылым министрлігі оқу жылын ұзартуға қатысты кіпір білдірді.


Ведомствоның хабарлауынша, оқу жылын ұзарту мәселесі жіті зерттеуді қажет етеді.


"Барлық білім беру ұйымдары меншік нысанына қарамастан мемлекеттік жалпыға міндетті стандартты сақтауға міндетті. Жаңа жобаларды енгізу кезінде дәлелдемелермен және алдын ала талқылаумен бекітілген ғылыми тәсіл маңызды деп санаймыз. Білім және ғылым министрлігі үшін оқушылар мен студенттердің мүдделері бірінші кезекте тұрады", - делінген хабарлады.

Бұған дейін Binom school құрылтайшысы Айдын Рақымбев аталмыш мектептерде оқу жылын 34 аптадан 38-ге ұзарту туралы ұсыныс айтып, оны пилоттық жоба ретінде қарастыру туралы айтқан болатын. Оның айтуынша, балалар жаз бойғы каникулда мектеп бағдарламасын тез ұмытып қалады.



bottom of page