top of page
Search

Орал қаласында Уфа мемлекеттік мұнай техникалық университетінің өкілдігі ашылды

Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университетінде Уфа мемлекеттік мұнай техникалық университетінің (УММТУ) өкілдігінің ашылу салтанатына Батыс Қазақстан облысының әкімі Ғали Есқалиев, ҚР Ғылым және жоғары білім вице-министрі Қуаныш Ерғалиев, Уфа мемлекеттік мұнай университетінің ректоры Олег Баулин, Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің өкілдері, БҚАТУ басшылығы және кәсіпорын басшылары мен аймақ жұртшылығының өкілдері қатысты. ҚР ҒЖБМ баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып, «Современное образование» журналы хабарлайды

УММТУ жаңа өкілдігінің басты міндеті интеграцияланған халықаралық ғылыми-білім беру кеңістігін құру арқылы екі жоғары оқу орнының ынтымақтастығын кеңейту және нығайту болып табылады.


Ашылу салтанатынан кейін қонақтар «Өңір экономикасына арналған ғылым» ғылыми әзірлемелер көрмесінің экспонаттарымен және «Жаңа кәсіптер атласы» жобасы шеңберінде «Erasmus+» жобасы бойынша робототехникалық жүйелер зертханасының жұмыс нәтижелерімен танысты.





bottom of page