top of page
Search

Ресейдің кейбір университеттері «Болашақ» тізіміне енді

Ресейдің жетекші техникалық университеттері «Болашақ» бағдарламасы бойынша оқытатын ЖОО-лар тізіміне енді.


Осылайша, Білім және ғылым министрлігі Президенттің тапсырмасын орындау бойынша тиісті жұмыстарды атқарып жатыр. Тізімге барлығы 27 елден 200-ден астам университет енгізілген. Енді техникалық бағыттағы мамандарды даярлайтын тізімге ресейлік ЖОО-лардан Н.Е.Бауман атындағы Мәскеу мемлекеттік техникалық университеті, «MИФИ» Ұлттық зерттеу ядролық университеті, М.В.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университеті, Санкт-Петербург мемлекеттік университеті және Мәскеу физика-техникалық институты енді. Сондай-ақ министрлік қазіргі уақытта «МИСиС» Ұлттық зерттеу техникалық университетін және ИТМО Ұлттық зерттеу университетін тізімге енгізу бойынша жұмыс жүргізіп жатыр. «Болашақ» алдағы уақытта ауқымын басқа елдермен және университеттермен кеңейтеді.



bottom of page