top of page
Search

Семейде мектеп парламенттерінің жұмысы тақырыбында семинар өтті

2022 жылғы 25 қарашада Семей қаласы Ыбырай Алтынсарин атындағы № 37 гимназиясы базасында білім беру ұйымдарындағы тәлімгерлерге арналған облыстық «Мектеп парламенті: көшбасшылар тобын қалай құруға және оны табысқа жетуге қалай ынталандыруға болады» тақырыбындағы семинар өтті. Абай облысының білім басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып, "Современное образование" журналы хабарлайды.


Қатысушылар: қалалық/аудандық білім бөлімдерінің әдіскерлері жәнеоблыс бойынша білім беру ұйымдарындағы тәлімгерлер. Барлығы: 100 педагог қатысты.

Білім алушылардың әлеуметтік және шығармашылық белсенділігін арттыру мақсатында республиканың барлық мектептерінде жұмыс істеп тұрған өзін - өзі басқару органдарының құрылымы жаңғыртылды-парламенттер құрылды. Парламент-бұл мектеп әкімшілігінің оқу-тәрбие процесінің мәселелерін шешудегі тәуелсіз көмекшісі.

Көшбасшылық қасиеттерді тәрбиелеудің ең басты құпиясы-балалардың жетістігі, олардың өсуі мен алға қарай қарыштап дамуы болып табылады. Балалар қашанда жеңімпаз болғанды ұнатады. Бірақ қиындықтар мен сәтсіздіктерге тап болған кезде олардың көңіл-күйлері түсіп, жағымсыз эмоцияларын сезінуі мүмкін. Біздің басты міндетіміз - балаларға әркім өзіне тән көшбасшылық әлеуетті дамытып, жетілдіре алатынына көз жеткізу және қолдау көрсету.

«Жас көшбасшы мектебі» әрбір жалпы білім беретін мектеп үшін ұзақ мерзімді білім беру және ағарту жобасы болуға тиіс.

Семинар бағдарламасы пленарлық, практикалық және шығармашылық бөлімдерден тұратын мазмұнды әрі тың идеяларға толы болды. Соңында қатысушыларға сертификаттар табыс етілді, олар өз кезегінде семинарды сапалы ұйымдастырғаны үшін алғыстарын білдіріп, жұмыста одан әрі жетістіктер тіледі..






bottom of page