top of page
Search

Техникалық және кәсіптік білім беру педагогтері арасында республикалық спартакиада басталды

Ұлттық ғылыми-практикалық дене тәрбиесі орталығының хабарлауынша, техникалық және кәсіптік білім беру педагогтері арасында республикалық спартакиада басталды. ҚР Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап, «Современное образование» журналы хабарлайды.


Оған Қазақстанның 18 облысынан 740 педагог қатысады. Шара Абай облысының Семей қаласында спорттық ойынның 5 түрі бойынша өтеді: волейбол, баскетбол, үстел теннисі, тоғызқұмалақ және футзал.

«Бұрын соңды колледж педагогтері арасында мұндай спартакиада болмаған. Өткен жылы алғаш рет ұйымдастырылып қатысушылар тарапынан жақсы қолдау тапты. Биыл бұл шара жалғасын тауып, колледж педагогтері белсенділіктерін көрсетіп жатыр. Бұл әр өңірдегі колледж педагогтері арасында достық пен ынтымақтастықты дамытып, өзара тәжірибе алмасуды көздейді»,- дейді Ұлттық ғылыми-практикалық дене тәрбиесі орталығының директоры Сағдат Садықов.

7 күнге созылатын республикалық спартакиада үздіктер анықталып, жеңімпаздар кубок, медаль және дипломдармен марапатталады.




bottom of page