top of page
Search

Физикадан 23-ші Азия олимпиадасында Қазақстан құрама командасы үздік нәтиже көрсетті

Физикадан 23-ші Азия олимпиадасында Қазақстан құрама командасы үздік нәтиже көрсетті. ҚР Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап, «Современное образование» журналы хабарлайды.


Қазақстандық оқушылар Физикадан 23-ші Азия олимпиадасында (APhO) бір алтын, екі қола медаль иеленді:

  • Алтын - Ерсұлтан Пітебай, Алматы қаласы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің 12-сынып оқушысы.

  • Қола - Әлішер Еркебаев, Ақтөбе қаласы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің 12-сынып оқушысы.

  • Қола - Арман Бақытов, С.Шаухаманов атындағы №9 дарынды балаларға арналған облыстық «Білім-инновация» лицей-интернатының 11-сынып оқушысы, Қызылорда қаласынан.

Екі оқушы құрмет грамоталарымен марапатталды. Даир Нұртаев, Дарынды балаларға арналған № 8 лицей-мектебінің 11-сынып оқушысы, павлодар қаласынан. Марғұлан Нұрсағатов, №165 мамандандырылған лицейдің 10-сынып оқушысы, Алматы қаласынан.


Айта кетейік, жазда бұл команданы тағы бір маңызды білім сайысы күтіп тұр. Олар Жапонияда 10-17 шілде аралығында өтетін физика пәнінен Халықаралық олимпиадада бақ сынайтын болады.



bottom of page