top of page
Search

Халықаралық ынтымақтастықты нығайту

2023 жылғы 22 ақпанда Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек Азиядағы өзара ықпалдастық және сенім шаралары жөніндегі кеңестің Азиядағы бас хатшысы Қайрат Сарыбаймен кездесті. ҚР Ғылым және жоғары білім министрілігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап, «Современное образование» журналы хабарлайды.

Кездесу барысында тараптар Кеңеске мүше мемлекеттердің жетекші университеттерінің серіктестік желісін құру жөніндегі тұжырымдама мен жол картасының жобасын қарады.

Сондай-ақ, студенттердің өңірлік академиялық ұтқырлығын дамыту, ғылыми қоғамдастықты нығайту, АӨСШК елдерінің біліктілігін тану бойынша халықаралық конференция өткізу мүмкіндігі мәселелері сөз болды.


ҚР Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев халықаралық сарапшы Джонатан Слейтермен кездесті.


Кездесуде білім беру сапасын арттыру, жаңа халықаралық стандарттарға сай білім беру ұйымдарында ақпараттық технологияларды енгізу мәселелері талқыланды.


Джонатан Слейтер – белгілі халықаралық сарапшы, Кембридж университетінің Ғылым және саясат орталығы консультативтік кеңесінің Мемлекеттік басқару институты директорлар кеңесінің мүшесі. Лондон ханшайымы Мэри университеті, Кингс колледжі саяси Институтының профессоры. Білім беру мектептері қорының қамқоршысы, Ұлыбританияның Білімді дамыту федерациясының стратегиялық кеңесшісі.


bottom of page