top of page
Search

Қазақстан мен Украинаның ЖОО-лары арасында меморандумға қол қойылды


2021 жылғы 26 мамырда Киев қаласында Ғ.Дәукеев атындағы Алматы энергетика және байланыс университеті мен И.Сикорский атындағы Киев политехникалық институты арасындағы ытымақтастық туралы меморандумға қол қойылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.


Мұндай келісімге Ғ.Дәукеев атындағы Алматы энергетика және байланыс университетінің ректоры Сәуле Сағынтаеваның Киев политехникалық институты Ғылыми кеңесінің жетекшісі Михаил Ильченкомен кездесуі барысында қол жеткізілді.


Аталмыш құжат екі жоғары оқу орнының ынтымақтастығын сапалы жаңа деңгейге шығаруға мүмкіндік береді.


Тараптар білім беру бағдарламаларын бірлесіп дайындауды, оқытушылар мен студенттердің академиялық алмасуын, сондай-ақ энергетика, телекоммуникация және ғарыш технологиялары салаларындағы ғылыми жобаларды бірлесіп жүзеге асыруды жоспарлап отыр.




bottom of page