top of page
Search

Қазақстанда оқу жылы ұзартылды

Оқу-ағарту министрлігі 5 күндік оқу аптасына ауысуына байланысты Қазақстандық мектептердегі жаңа оқу жылы ұзақтығы бекітті.


Бірінші сынып оқушылары үшін 35 оқу аптасы (бұрын - 33 апта);


2-11 сыныптардағы 36 оқу аптасы (бұрын – 34 апта).


Осылайша, оқу жылы 1 қыркүйекте басталып, 31 мамырда аяқталады. Жазғы демалыс 1 маусымнан 1 қыркүйекке дейін жалғасады.


Сонымен қатар, жыл бойына демалыс мерзімі де белгіленді:

- күзгі демалыс - 7 күн (2022 жылғы 31 қазаннан бастап 6 қарашаны қоса алғанда);

- қысқы демалыс - 9 күн (2022 жылғы 31 желтоқсаннан бастап 2023 жылғы 8 қаңтарға дейін қоса алғанда);


- көктем демалыс - 9 күн (2023 жылғы 18-26 наурызды қоса алғанда).


Бірінші сынып оқушылары үшін қосымша 6-12 ақпан аралығында қосымша демалыс қарастырылған.



bottom of page