top of page
Search

ҚазҰАЗУ-да зооинженерия факультеті қайта ашылды

ҚазҰАЗУ-да зооинженерия факультеті қайта ашылды. Университеттің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып, «Современное образование» журналы хабарлайды.


Қайтадан ашылған факультеттің деканы мен кафедра меңгерушісі жақында өткен университеттегі лауазымдық конкурс нәтижесінде тағайындалғанын атай кеткен жөн. Олар өз салалары бойынша біліктілігі мен білімін, ғылым мен білім берудегі жинақтаған тәжірибелерінің мол екендігін айқын көрсете білді.

«Бәрімізге белгілі, оқу орнымыздың құрамындағы Алматы зооветеринарлық институты 1929 жылы екі факультеттен құрылған болатын: зоотехникалық (кейіннен зооинженерлік) және ветеринарлық. Өкінішке орай, отандық агро саласына ұзақ уақыт кадрлар даярлап келген факультет өтпелі кезеңдерде өз атауынан айырылып, «Технология және биоресурстар» факультетінің құрамына еніп кетті. Атынан да, затынан да айырылып қалды. Сол себептен, қазіргі күні мал шаруашылығы саласында жұмыс істейтін білікті зооинженер мамандардың жетіспеушілігі анық байқалуда. Жаңа уақыттың осы сұранысын ескере отырып, университет басшылығы «Технология және биоресурстар» факультет атауын «Зооинженерия және тағам өндірісінің технологиясы» деп нақтылап өзгертуге шешім қабылдады. Сонымен бірге «Мал шаруашылығы өнімдерін өндіру технологиясы» кафедрасының аты да «Зооинженерия» кафедрасы деп өзгертілді», - дейді ҚазҰАЗУ басқарма төрағасы-ректор Ақылбек Күрішбаев.

Жақын арада кадрларды, оның ішінде зооинженерлерді мақсатты дайындау аясында, оқу бағдарламаларын шетелдік жетекші профессорлардың қатысумен жаңғырту және студенттердің практикалық білімін күшейту жоспарлануда.



bottom of page