top of page
Search

Ұлттық ғылым академиясының вице-президенттері тағайындалды

Ұлттық ғылым академиясының вице-президенттері тағайындалды. Ғылым және жоғары білім министрілігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап, «Современное образование» журналы хабарлайды.


ҚР Ғылым және жоғары білім министрінің 2023 жылғы 10 мамырдағы бұйрығымен Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы «Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясы» КЕАҚ вице-президенттері болып Асқар Жұмаділдаев, Ақылбек Күрішбаев, Ләззат Ералиева, Такир Балықбаев тағайындалды. Асқар Серқұлұлы Жұмаділдаев – белгілі қазақстандық математик-ғалым және қоғам қайраткері, физика-математика ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Республикасы ҰҒА-ның академигі. Ол математика және ғылым саласындағы жетістіктері үшін көптеген марапат пен грант алған. Ақылбек Қажығұлұлы Күрішбаев – ауыл шаруашылығы ғылымдарының докторы, профессор. Осы саладағы жетістіктері үшін бірнеше рет марапатталған. Экономиканы, ғылымды және жоғары білімді дамытуға, сондай-ақ белсенді қоғамдық қызметке сіңірген еңбегі үшін «Құрмет» және «Парасат» ордендерімен марапатталған. Ләззат Тасболатқызы Ералиева – профессор, медицина ғылымдарының докторы, 2013 жылдан бастап «Медицина ғылымдары» секциясы бойынша Ресей жаратылыстану академиясының (РЖА) корреспондент-мүшесі. Ол –150-ден астам мақаланың, 2 ұлттық нұсқаулықтың, монографиялар мен әдістемелік нұсқаулықтардың, сонымен қатар 4 өнертабыс патентінің авторы. Такир Оспанұлы Балықбаев – физика-математика ғылымдарының кандидаты және педагогика ғылымдарының докторы, сондай-ақ, өз саласында айтарлықтай тәжірибесі бар профессор. Ресейдегі кәсіптік білім беруді қолдау қорының А.Г.Небольсин атындағы сыйлығының лауреаты. 2018 жылы «Парасат» орденімен марапатталған.


bottom of page